mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жайнай бер, жаңара бер, Жаңақорған!!!

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі нің ұйымдастыруымен бағытталған пресс-тур Жаңақорған ауданында өткізілді.

Облысымыздың аудандар арасында барлық сала бойынша даму көрсеткішімен Жаңақорған ауданы алдыңғы орында көрініп келеді.
Ат басын тіреген алғашқы аялдама аудандық спорт кешенін аралаудан басталды. 16 -желтоқсан Тәуелсіздік күніне аудандық дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен Пернебай Өтебаев пен Иванин Евгенийді еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир өтті. Турнирде 10 команда бақ сынап, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы жерде айтатаын жайт, аудан әкімі
Ғ. Әміреев спорттжанына серік еткен жан екенін дәлелдеді.

Пресс-турдің келесі аялдамасы Жаңақорған аудандық мəдениет үйінде күйші Әлшекей Бектібайұлының шығармашылығына арналған «Күй абызы-Әлшекей» атты облыстық фольклорлық ансамбльдердің өнер фестивалін тамашалауға бағытталды. Фестивальдың шымылдығы абыз күйші Әлшекейдің атамыздың ғұмырынан сыр шертер көрініспен ашылды. Өнер додасына Жаңаөзен, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан өнерпаздар қатысты.
Абыз Әлшекей күйші 1932 жылы 85 жасында дүниеден озған. Шығармашылығында 100-ге тарта күйі болғанымен, бізге оның барлығы жетпеген екен. «Тоқырау», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Толқын», «Аққу кеткен» сынды күйлерінің ел арасында таралуына Ибаш Өткелбаев, Жаманқұл Нұрмановтың еңбегі зор.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ғалым Əміреев құттықтау сөз алып, қатысушыларға сəттілік тіледі.

Ауданда денсаулық сақтау саласында да бірқатар құрылыс нысандары жаңадан пайдалануға берілуде. Атап атар болсақ «Аққұм» елді мекенінде медициналық бекеттің ашылуына куә болдық.
Қазіргі таңда Аққұм ауылында халық саны 478 жанды құрайды. .
Медициналық бекеттің ашылу салтанатында Жаңақорған ауданының əкімі Ғ. Əміреевке ауыл ақсақалдары алғысын жеткізді.
Медициналық бекетте науқастарға алғашқы көмек көрсетіліп, қолжетімді бағада дəрі-дəрмек сататын дəріхана жұмыс жасайтын болады.
Ауданның ғана облысымыздың мақтанышына айналған Жаңақорған шипажайын араламай кету мүмкін емес. Талай жанның дертіне шипа болған шипажайда барлық жағдай жасалынғанына тәнті болдық.

Аудандық мемлекеттік қызметкерлердің мұрындық болуымен Тəуелсіздік мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырылды.

Ашық алаңда атқарылған жұмыс пен алдағы атқыралатын жоспарларды таныстыру мақсатында аудан əкімі Ғалым Əміреев БАҚ өкілдері жəне қоғам белсенділерімен пікір алмасты.

(37)