mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мемлекеттік шекараларды құқықтық рәсімдеу –                        Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жетістігі

 

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Осыған орай, Қазақстанның іргелес елдермен мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өткен Мәжіліс Төрағасы: «Біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген.

Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда. Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді»,—деді. Аталған заң жобасын талқылау барысында баяндама жасаған сыртқы істер вице-министрі Ғалымжан Қойшыбаев: «Әртүрлі табиғи апат болса, мысалы рельеф өзгеріп кетсе, бір жерде өзеннің ағымы басқаша кетіп қалса, не өзендер құрғап кетсе, тексеру жүргізіледі. Екіншіден, трансшекаралық кейбір нысандар жаңадан құрылса, мысалы, темір жол салынса, құбыр, тіпті автомобиль және тағы да басқа жолдар салынса комиссия құрылып, шекара сызығын қайта қарайды. Комиссия ресми түрде Үкімет қаулысымен бекітіледі. Құрамына СІМ өкілдері, шекаралық қызметкерлер, жергілікті билік, сонымен бірге «Қазгеодезия», «Қазкартография» секілді шекарада қызмет атқаратын мамандар кіреді»,— деп түсіндірді.

(7)