mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қымбат шетелдік көлік сатып алғандар жазаланады

«Ақ жол» партиясы мүшесінің берген депутаттық сауалына жауап берген ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев: «Осыған дейін мәжілісмендердің 2017 жылдың 18 мамырындағы № ДЗ-138 депутаттық сауалының аясында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомствоаралық ұйымдарына ескерту жасалып, қымбат көлік сатып алғанда талаптарды орындауы қажеттігі жайлы айтылған болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2017 жылдың 31 қаңтарында жолдаған жолдауында Үкіметтегілерге мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істеудің бірыңғай жүйесін енгізуді тапсырғаны да айтылған-ды. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тапсырыстар мәселесі бойынша заң жобасы қарастырылып жатыр. Бірақ осы тапсырмалар орындалмаған жағдайлар да орын алды. Осыған байланысты шетелден әкелінген қымбат көліктерді сатып алған жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылған шараларды Қаржы министрлігінің өкілдері айтатын болады»,— деді.

(13)