mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған турнир

Алматы қаласы Алмалы ауданының тапсырмасы бойынша Қазақ Спорт және туризм академиясы аталған ЖОО Президенті, профессор Қ.Қ.Закиряновтың қолдауымен 2017 жылдың 25-26 қарашасы күндері барлық стильдік каратэ бойынша Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күндеріне арналған балалар, жасөспірімдер мен қыздар, кадеттер мен жастар және ЖОО студенттері арасында Халықаралық турнир өткізді. Байрақты бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан 259 каратэші қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер медальдармен, мақтау грамоталарымен, кубоктармен және естелік сертификаттармен марапатталды. Жарысты ұйымшылдықпен өткізу жауапкершілігі ҚазСТА-ның тәрбие және спорттық-бұқаралық жұмыстары жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент М. Есқалиев, ҚазСТА-ның Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, п.ғ.к., профессор Е.М.Мухиддинов, Ұлттық спорт түрлері кафедрасының Ұйымдастыру комитетінің оқытушы ұстаздар құрамы: ҚазСТА доценті, ҚР Барлық стильдік каратэ бойынша Федерция директоры Т.М.Ахмадиев (3 дан); жетекші оқытушы А.К.Шалғынбеков, Н.О. Өтенов, Т.А.Конаев, Д.Б.Бекбаев, А.Д.Байырбеков, ҚР кекушинкай каратэ-до федерациясының президенті М.А. Жолдасов (5 дан), ҚР Барлық стильдік каратэ Федерациясының президенті Д.Б.Исаев, жарыстың бас төрешісі Р.С.Маженов (3 дан), бас хатшы Ж.К. Сәменов (3 дан) пен Н.В.Ронжина (1 дан) сынды тұлғаларға жүктелді. Олар бұл үмітті ақтап, байрақты бәсекенің қызықты да ұйымшылдықпен өтуіне айрықша үлес қосты. Ең бастысы — Халықаралық турнирде достық жеңді.
Талғар Мұхтарұлы Ахмаддиев,
ҚазСТА доценті

(4)