mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қос президент «Жол картасы» арқылы келісімге келді

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков: «Жақында Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков арасында көптен күткен кездесу өтті және бұл үмітті ақтады деуге болады. Себебі кездесу барысында екі Президент «Жол картасын» жүзеге асыру бойынша келісімге келді. Аталған «Жол картасында» шекаралық, көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық бақылау, кеден және салық тәрізді екіжақты әріптестіктің маңызды мәселелерін кешенді түрде шешуді көздейтін 50 шара қамтылған. Құжатқа жедел сипаттағы 16, 5 қысқа мерзімді және 29 жүйелі шара енгізілген. «Жол картасына» қол қойылуы, бұл екі жақтың қарым-қатынастары үшін өте жақсы жауап. «Жол картасы» ҚР Президентінің ұстанып отырған достық және стратегиялық әріптестікке бағытталған позициясының дұрыстығын білдіреді»,— десе, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев: «Қырғызстан тарапымен келісімге келуде шешуші рөлді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атқарды. Минсктегі кездесу аясында Президенттер туындаған жағдайды Сооронбай Жээнбековтың жеке жауапкершілігі негізінде шешті», — деп мәлімдеді.

(0)