mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жылдың үздік спорттық жүлдесі кімдерде?

Ұлттық Олимпиада Комитеті 2017 жылғы «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесінің» жеңімпаздарын марапаттады. ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған Ұлттық-спорттық жүлдені табыстау шарасы биыл жаңа форматта өтті. Жүлдені жанкүйерлер бір ай бойы olympic.kz сайты арқылы дауыс берумен анықтаған болатын. Дауыс беру 2-28 қараша күндері аралығында өтіп, кейбір аталымдар бойынша текетірес соңғы минуттарға дейін жалғасты. Күні кеше аталған байқауға қатысты салтанатты кеш ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сый-сияпаттар табыс етілді. Сонымен, байқау жеңімпаздары төмендегі спортшылар, атап айтқанда: «Жазғы спорт түрлері бойынша ең үздік спортшы» — Алексей Луценко (велоспорт); «Қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік спортшы» — Жанбота Алдабергенова (фристайл); «Үздік жас спортшы» — Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау); «Жазғы спорт түрлері бойынша ең үздік жаттықтырушы» — Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов; «Қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік жаттықтырушы» — Қазақстан ұлттық шорт-трек құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков; «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша ең үздік ұлттық-спорттық федерация» — Қазақстан триатлон Федерациясы; «Үздік спорттық өңір» — Алматы қаласының спорт және мәдениет басқармасы; «Жыл жаңалығы» — Садақ ату бойынша ерлер құрамасы; «Жылдың үздік командасы» — «Астана» футбол клубы болды.

(1)