mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жанармай дауы атыраулықтарды қалдырып, керекуліктерді кетірді

«Астана» арнасының сауалына жауап берген «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК мұнай тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарушы Данияр Тиесов: «Жөндеу жұмыстарын дер кезінде аяқтамаған Атырау мұнай өңдеу зауытының жетекшілері жұмыстан қуылмайды. Мердігермен жұмысты аяқтау мерзіміне қатысты келісім жасалған. Зауытта бірден 12 құрылғы іске қосылады. Ол күрделі жұмыс. Бірақ жобаның кешігуі туралы айту әлі ерте. Ал Павлодардағы зауытта болған жағдайға адами фактор әсер еткен. Сондықтан кәсіпорын басшылығы жұмыстан кетті. Зауытта шыққан ақауды жөндеуге шет елден мамандар шақыртылған. Жақында шетелдік дәнекерлеушілер бригадасы келді. Біз жөндеуге кірістік. Ол 20 желтоқсанда аяқталады. 25 желтоқсанда Павлодар зауыты барлық өнім бойынша толық қуатта жұмыс істейді. Өнім көлемі тәулігіне 3,7 тоннаға дейін көбейеді. Яғни қазіргіден бес есеге артық. Жанармайға қатысты бүгінде ресейліктермен келісімшарт жасалған. Қазақстанға жанармай көрші елдің 4 мұнай өңдеу зауытынан жеткізіледі»,— дейді.

(1)