mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Украина:М.Саакашвилиді тұтқыннан жақтастары құтқарды

Грузияның бұрынғы президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді 5 желтоқсан күні Украина Қауіпсіздік қызметі Киевте тұтқындады. Украина Қауіпсіздік қызметінің баспасөз хатшысы Елена Хитлянскаяның мәлметіне қарағанда, М.Саакашвилидің үйіне Бас прокуратураның тергеушілері тінту жүргізген. Дегенмен ол не үшін тінту жасалғанын ашып айтпаған. Саакашвилиді тұтқындау кезінде жақтастары оның үйінің маңына жиналып, «Миша!», «Импичмент!» «Ұят!»— деп айғайлап тұрған. Ал, осыдан екі күн бұрын Михаил Саакашвилидің «Ұлттық бірыңғай қозғалыс» партиясы Киевте Украина президенті Петро Порошенконың импичментін талап етіп митинг өткізген болатын. Оған мыңдаған жергілікті тұрғын қатысқан-ды. П.Порошенко өз кезегінде мұндай наразылық шаралардың негізгі мақсаты — елдегі тұрақтылық пен бірлікті бұзу екенін айтудан танбай келеді. М.Саакашвилиді тұтқындаушылар қолынан оның жақтастары күшпен тартып алды. Енді Киев прокуратурасы Саакашвили мен оның жақтастарына қарсы: «Күш құрылымдарына қарсылық көрсетті»,— деген бап бойынша қылмыстық іс қозғамақшы.

(5)