mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Түркия: Иерусалим — мұсылмандар үшін қызыл сызық

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Егер АҚШ Иерусалимді еврей елінің астанасы деп таныса, Түркия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзеді. Сосын алдағы он күн ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымының көшбасшылары Ыстамбұлға жиналады және «мұсылман әлемі көтеріледі». Иерусалим – мұсылмандар үшін қызыл сызық. Мұндай шешім бүкіл мұсылман қауымы үшін ауыр тиеді. Біз мұны жай қалдырмаймыз»,— деді. Өткен аптаның сенбісі күні Ақ үйде Иерусалимге қатысты өз позициясын айтамыз деген мәлімдеме жасалды. Палестиналық тарап және Таяу Шығыстағы бірқатар ел Израильді астана деп қабылдау аймақтағы жағдайды шиеленістіріп жібереді деген пікірде. АҚШ конгресі 1995 жылы өз елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру туралы заң қабылдаған болатын. Бірақ қаланың статусы біржақты болмағандықтан, америкалық президенттер әрбір жарты жыл сайын аталған шешімді орындауды кейінге шегеріп келеді. Иерусалим төңірегіндегі шиеленістің мәні мынада – палестиналықтар мұсылмандардың аруақ қонған жері ретінде оның орталығы мен шығыс бөлігін алғысы келеді. Ал, өзге елдер бейтараптықты сақтау үшін елшіліктерін Тель-Авивке орналастырады.

(11)