mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Таиланд: Тұрғындар қуыршақ асырап алып жатыр

masterok.livejournal.com басылымы: «Таиланд елінің тұрғындары шетінеп кеткен сәбилердің жаны қуыршақтарға барып қонады деген сеніммен оларды жаппай асырап алып жатыр»,— деп хабарлайды.  Бала орнына қуыршақ асырап алып жатқан Таи елінің тұрғындары оларды өздерімен бірге тастамай алып жүруді әдетке айналдырған. Айтуларынша, бұл қуыршақтар оларға табыс әкеледі. Мұнымен қатар, оларға дәмханадан арнайы орын алып, қасықпен тамақтандырады. Сәбиге ұқсайтын қыршақ түрлері «Look Thep» деп аталады. Бангкок қаласында орналасқан мейрамхана Look Thep қуыршақтарына арнайы ас әзірлеген. Оның құны небәрі – 499 бат. Ал Smile Airways әуе компаниясы қуыршақтарға адамдар қатарлы қызмет көрсетеді. Тіпті, оларға арнап билет түрін де шығарған. Қуыршақтардың «ата-анасы» олардың жаны бар екеніне толық сенімді. Бұл қуыршақ түрлері Таиландта алғаш 2013 жылы пайда болған. 17 жастағы ұлына ренжіген Мананья Бунми есімді әйел қолдан қуыршақ жасап, оған «жан бітірген». Айтуынша, оның осы әрекетінен кейін баласының мінезі түзеле бастаған.

(4)