mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ресей құрамасы Олимпиададан шеттетілді

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарында өз туының астында өнер көрсетуіне тыйым салды. Аталған шешімге сәйкес, ресейлік спортшылар қысқы Олимпиада ойындарында өз туларымен өнер көрсете алмайды. Олар қысқы ойындарға тек нейтральды спортшы ретінде, яғни ресми түрде «Ресейден келген олимпиадалық атлет» деген атаумен қатыса алады. ХОК-тің Ресейді дәл бұлай жазалауына 2014 жылғы Сочи Олимпиадасындағы допинг дауы себеп болып отыр. ХОК бүгінге дейін Ресейдің Сочиде чемпион және жүлдегер атанған бірнеше спортшысын допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан шеттетті. Сочи Олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орында тұрған ресейліктер күн санап рейтингте құлдырап, үшінші орынға түсіп қалды. Қазір арнайы құрылған тексерушілер тобы қатаң бақылаудан өткізілген спортшыларға ғана Олимпиадаға қатысуға рұқсат бермекші. Ал Ресей құрамасының басшылары Олимпиада ойындарына мүлдем кіргізілмейді. Бұл ресейлік жанкүйерлер мен спортшыларға өте ауыр тиюде. Көпшілік допинг дауына басты себепкер ретінде спорттық шенеуніктер мен ел президенті В.Путинді кінәлауда.

(1)