mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елорда байларының түнгі тіршілігі

Бас шаһардың бай-бағландарының тіршілігі қандай?»— деп сауал қойған   NUR.KZ порталы тілшісіне жауап берген таксиші бір азамат (аты-жөнін атамауды өтінген): «Астана тұрғындарын қаланың түрлі аумақтарына жеткізіп, нәпақамды осы жолаушылар тасымалдаумен тауып жүрмін. Күндіз іші-сырты жарқылдап көздің жауын алатын Астананың түнгі тіршілігінде түрлі «қызықтар» орын алады, әсіресе, бай-бағландар барынша «сайран» құрады. Көбінесе ауқаттылар ішімдікке тойып алып, үйлеріне жеткенше әңгімелерін айтып, ішкі жан-сырларын ақтарады. Сонда, көп жағдайда еститінім, «әйелім кетіп қалды», «балам ішімдікке салынып кетті» немесе «достарым сатып кетті» деген сынды әңгімелер. Сөйте тұра Елорданың байлары сараң, әр тиынын есептеп, шу шығаруға әуес. Тағы бір байқағаным, шаһарда тоқалдар көп. Әлгіндей атқамінерлер түнгі уақытта сол тоқалдарымен көңіл көтеруге құмар. Әсіресе, өңірлерден іссапар немесе жұмыс бабымен келген шенді-шекпенділер осында келген сайын әлгі тоқалдарымен кездесіп тұрады, бәрінің Астанада бір-бір тоқалы бар.Әрине, ауқаттыларды қаралағаным емес, бірақ ол шындық, ондайдың талайын көргенбіз»,— деп ағынан жарылған көрінеді. Мұндайда: «Қалтасы қалың, мейманасы асқан шенділер «сайрандамағанда», енді кімдер сайрандасын?»— дегің келеді екен.

(8)