mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Астана әкімі шенділерді таксиге отырғызбақ

КТК арнасы: «Астана әкімі Әсет Исекешов келер жылдан бастап қарамағындағыларын түгелдей таксиге отырғызбақшы. Яғни, әкімдік қымбат қызметтік машиналардан бас тартып, бюджет ақшасын үнемдемек. Қала әкімі Әсет Исекешовтің идеясы іске асса, әкімдік алдында шетелдік көліктер болмайды. Бірақ, бастама авторы Исекешовтің өзі немістің қымбат машинасынан бас тартып, таксиге отыра ма жоқ па, бұл жағы әзірге белгісіз»,— деп хабарласа, әкімнің өзі: «Жаңа жылдан бастап, қызметтік көліктен бас тартып, әкімдік қызметкерлері таксимен жүретін болады. Қазір қалада бірнеше таксопарк бар. Бірақ, олардың сұранысты қамтамасыз етуге көліктері жеткіліксіз»,— деген уәжді алға тартады. Исекешовтің айтуынша, таксиге отыру әлдеқайда тиімді екен. Өйткені, әкімдік жылда қымбат көлік сатып алып, жүргізушілерге ай сайын жалақы төлейді. Әрі темір тұлпарлардың күтімі мен салығына кететін ақша тағы бар. Бұлардың барлығына кететін қаржы ондаған миллион теңгеден асып кетеді. Сондықтан, қызметтік машинадан түсіп таксиге міну шығынды екі есеге дейін азайтады дейді әкім. Әрі таксопарктерге де мол пайда әкеледі екен.

(2)