mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Өзбекстан: Ташкент бірыңғай туристік виза енгізді

Өзбекстан бір айға берілетін бірыңғай туристік визаны енгізіп, оның құнын 40 долларға дейін төмендетті. Жеке шетелдік азаматтар үшін енді 30 күнге берілетін туристік виза іске қосылды. Бұдан бұрын шетелдіктер қысқа мерзімге туристік виза алып, рейстердің тоқтатылуы немесе басқа да себептерге байланысты оның мерзімін ұзарту мәселесіне жиі тап болатын. Жеке туристер үшін елге кіру визасын рәсімдеу құны 60-тан 40 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Мемлекеттік туризм комитеті туристік визаның қымбат бағасы Өзбекстанда саяхаттау шешімін қабылдау үшін белгілі бір тежеуіш фактор болып келгенін атап өтті.  Топтық визаның бір туриске арналған 15 күндік бағасы — 15 долларды, 30 күнге —25 долларды құрайды.

(2)