mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әлем елдері мұнай өндіруді азайтпақ

29-30 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі Мырзағалиев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен оған кірмейтін мемлекеттер арасындағы үшінші Министрлік кездесуіне қатысты. Аталған мемлекеттердің бірлескен отырысы барысында дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқыланды, сондай-ақ 2016 жылы 10 желтоқсанда ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен оған кірмейтін мемлекеттер арасындағы алғашқы Министрлік кездесуде қол қойылған мұнай өндіру көлемін төмендету бойынша Келісімнің мерзімдерін ұзартуға қол жеткізілді. Келісім ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен оған кірмейтін мемлекеттер арасындағы «Ынтымақтастық жөніндегі декларациясына» қол қою арқылы 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды. Қазақстан және ОПЕК-ке мүше мемлекеттермен бір қатар Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, сондай-ақ Оңтүстік Судан Декларацияға қол қойды. Іс-шара шеңберінде министрлік кездесу Іс басындағы төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігі Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид Аль-Фалих ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен оған кірмейтін мемлекеттер арасындағы жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру барысында бас қосып жұмыс атқару саласында Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті. Мырзағалиев өз мәлімдемесінде ОПЕК-ке мүше мемлекеттермен ҚР-дың ұлттық мүдделеріне және елімізде мұнай саласында жұмыс атқарып жатқан ірі инвесторларға кедергі жасамай, ынтымақтастықты Келісім шеңберінде жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

(3)