mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әлемдегі ипотека мөлшерлемесі ең төмен 10 мемлекет

Отандық «Нұрлы жер» бағдарлама аясындағы алғашқы жарнасы үй құнының 30 пайызын құрайтын несие бойынша мөлшерлеме 5 пайыздан басталады. Ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары банкте депозит ашқан соң үш жыл көлемінде барлық тәртіпке сай ай сайын төлем жасап, пәтер бағасының 50 пайызын жинаған азаматтар банк ұсынған 3,5 және 5 пайыз аралығындағы мөлшерлеме бойынша пәтер алу мүмкіндіне ие болады. Ал өзге мемлекеттерде ипотека мөлшерлемесі қандай? Бұл сауалды зерттеп, әлемдегі ипотека мөлшерлемесі ең аз мемлекеттердің тізімін ұсынған vestifinance.ru басылымының айтуынша төмендегі меммлекеттер көш бастап тұр. Атап айтқанда: 1. Жапония. Ипотека мөлшерлемесі — 1,21 пайыз. Әлемдегі ең арзан ипотека Жапония елінде. Токиода орналасқан үйлердің шаршы метрі — 7-8 мың,   ал Осака, Кобэ және Йокогаме сынды қалалардан 5-6 мың долларға үй сатып алуға болады. 2. Швейцария. Ипотека мөлшерлемесі —1,42 пайыз. Аталған мемлекетте 50-100 жылға дейін берілетін ұзақ мерзімді ипотека түрі бар. 3. Финляндия. Ипотека мөлшерлемесі — 1,53 пайыз. Финляндияда ірі қалалардан арзан үй табу мүмкін емес. Турку, Эспоо, Тампер немесе Ванта сынды шағын қалалардан ғана қолжетімді баспана табуға болады. Мұндағы жаңа салынып жатқан үйлердің бір шаршы метрін 2300-2700 еуроға сатып аласыз. Ал ескі үйлердің шаршы метрінің бағасы – 1000-1500 еуро. 4. Швеция. Ипотека мөлшерлемесі — 1,87 пайыз. Швециялықтардың 90 пайызы үйлерін ипотекаға сатып алады. Бұған несие мөлшерлемесінің аз болуы себеп. Әдетте ипотекалық несиелер 50-70 жылға дейін беріледі. 5. Словения. Ипотека мөлшерлемесі — 1,92 пайыз. Астанаға жақын маңда орналасқан қалалардағы үй бағасы қымбат. Словенияның астанасы Люблянде үйдің шаршы метрінің бағасы – 2000-2500 еуро. 6. Германия. Ипотека мөлшерлемесі — 1,99 пайыз. Көптеген шетелдік инвестор Германиядан жылжымайтын мүлік сатып алуға тырысады. Өйткені Германия нарығы Еуропада қарқынды түрде дамып келе жатыр. 7. Чехия. Ипотека мөлшерлемесі — 1,99 пайыз. Халық үй сатып алуға қаражаты болса да, ипотеканың көмегіне жүгінеді. Себебі, бұл елде ипотекаға үй сатып алу әлдеқайда тиімді. 8. Литва. Ипотека мөлшерлемесі — 2,03 пайыз. Литва ипотекасы басқаларынан сақтандыру жүйесімен ерекшеленеді. Бұл елде несие 21 жастан бастап беріледі. Несиенің ең төмен сомасы — 15 мың, ал максимум 60 мың долларды құрайды. 9. Тайвань. Ипотека мөлшерлемесі — 2,04 пайыз. Шетелдік инвесторлар көбінесе жылжымайтын мүлікті Тайбэй қаласынан сатып алады. 10. Австрия. Ипотека мөлшерлемесі — 2,10 пайыз. Ипотека мөлшерлемесі төмен мемлекеттердің ондығын Австрия бекітеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 31 желтоқсанында №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бекітілген. Мамандардың айтуынша, аталған бағдарламада «Қазақстан Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ) бағыты бойынша бүгінгі күні ипотекалық тұрғын үй алу ең тиімді. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрған азаматтар ғана үй ала алады.

(6)