mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазпошта қызметкерінің өтірігі әшкереленді

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі: «23-і тамыз күні Еңбекшіқазақ ІІБ-ның кезекші бөліміне Қазпошта кассасының қызметкері қоңырау шалып, жұмыс орнында ұрлық болғанын хабарлаған. Айтуынша, ұры кассадан 782 000 теңге алып кеткен. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, ұрлықтың куәгері болуы мүмкін деген адамдардан жауап алынады. Жауап алу кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелдің өтірік айтқанын байқап қалған. Ревизия барысында кассаға 5 миллион теңгенің жетіспей тұрғаны анықталған. Тергеу барысында әйел өзінің осы қарызды жабу үшін ұрлық туралы өтірікті ойлап тапқанын айтты», — деп хабарлайды. Арызданушының берген жауабына сәйкес, аталған қылмыстық іс тоқтатылды.

(3)