mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

Қазақстан журналистер одағының төрағасы, “қаржы жымқырды және салықтан жалтарды” деген айыппен сотталған Сейітқазы Матаев шартты жазамен түрмеден босап шықты. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды. Матаев енді жазасын шартты түрде өтейді. Сейітқазы Матаев отырып шыққан Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА 155/14 колониясынан дүйсенбі күні түстен кейін босатылды. Алайда Матаев ұлы әлі түрмеде отырғандықтан бостандығына қуана алмайтынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  “Ерекше қуанып тұрған жоқпын. Мен өзімді бостандыққа шықтым деп есептемеймін, өйткені ұлым қамауда отыр. (…)”, — дейді журналистерге Матаев. Ол біраз уақыт емделгеннен кейін кәсіби қызметіне кірісуді жоспарлап отырғанын айтты. “Ешкімге кек сақтамаймын, өш алатын ойым жоқ. Ондай адамдардың қатарынан емеспін, өйткені қажыға барғанмын. Ол (колония — ескерт.) мен үшін қандай да бір сынақ болды”, — деп толықтырды ол. Еске сала кетейік, Қапшағай қаласының соты 16 қараша күні Сейітқазы Матаевтың өзін мерзімінен бұрын шартты жазамен босату туралы өтінішін қарап, оны түрмеден босатуға шешім шығарған. 2016 жылы 3 қазанда Астананың Есіл аудандық соты Матаевты “қаржы жымқырды” және салықтан жалтарды” деген айыптармен алты жылға, ал оның ұлы ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев “қаржы жымқырды” деген айыппен бес жылға соттаған. Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне – 169 миллион теңге, “Қазақтелеком” компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс болған. Матаевтар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

(2)