Өмірі өнеге дара ұстаз

Әбдімәжит бауырымыздың бойындағы үлкен адамгершілік, білімқұмарлық пен талғампаздық қасиеттер сергек сезімді, нағыз психолог ұстаз, іскер басшы екенін дәлелдейді. Есігін енді ғана ашқан лицейіміздің керегесінің кеңеюіне қосқан үлесі зор болды. Қаншама қазақ баласының физика-математика саласында терең білім алуына үлкен жол ашты.
Математика әлемін бағындырған,
Бір туар азамат ең дара туған.
Жайдары, жарқын жүзді келбетіңіз,
Тек қана ізгіліктен жаратылған.
Кішіге аға, үлкенге іні болдың,
Қарапайым мінезіңмен үлгі болдың.
Халықтың баласының қамын ойлап,
Лицейін «Алгорифм» ашып қойдың.
Үлкен сұрақ жүректі мазалайды,
Қоштасуды сізбенен қаламайды.
Топырағың торқа боп,
Бейіш болсын мекенің.
Сіз таныта білдіңіз
Елін сүйген азамат
Қандай болар екенін!

Еліңнің есінде, жұртыңның жүрегінде мәңгілік сақталасың, бауырым…

«Алгорифм» лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сыдықова Алтынхан Есілханқызы

(6)