«Ұлттық салауатты тағамтану орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындады

«Ұлттық салауатты тағамтану орталығы» Қоғамдық Бірлестігі (ҰСТО) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша «Салауатты және тиімді тамақтану мәселелері бойынша балалардың арасында белсенді ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру» жобасын іске асырды.

Жоба аясында мектеп оқушыларына арналған 2018 жылдық, үстелге қоятын, аудармалы, «Жылыңды дұрыс өткіз!» күнтізбесі әзірленді (9700 дана таралыммен), күнтізбе дұрыс тамақтанудың көмегімен созылмалы жұқпалы емес аурулардың және микронутриенттік тапшылықтардың алдын алу тақырыбына арналған. Күнтізбелер республиканың 14 облыс орталықтарының және Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына жеткізілді.
Мектептерде оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін ортаны қалыптастыру бойынша тәжірибелік нұсқаулықтың жобасы әзірленді және қазақстандық белгілі zdrav.kz, neupusti.net сайттарында орналастырылды. Оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін жағдайды қалыптастыру бойынша Астана қаласының 2 пилоттық мектебінде және Алматы қаласының 2 пилоттық мектебінде мектеп қызметкерлері үшін тренингтер өткізілді. Осы мектептердегі мектеп жағдайының индикаторлары оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін, Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Орталық (СДС) ұсынған мектеп өлшемшарттарына сәйкестікке бағаланды, сондай-ақ, 1-11 сынып аралығындағы 880 оқушы медициналық тексеруден өткізілді. Медициналық тексеру нәтижесінде Астана мектептерінде Алматы мектептеріне қарағанда бірінші денсаулық тобына (сау балалар) жататын балалар көбірек болған (68% және 91%, сәйкесінше). Астанада балалардың 1% арықтық, 7% дене салмағының орташа тапшылығы, 71% қалыпты салмақ, 17% артық салмақ, 4% семіздік байқалған. Алматыда осы көрсеткіштер 3%, 17%, 63%, 12% және 4%, сәйкесінше, болған. СДС өлшемшарттарына сай барлық пилоттық мектептерде оқушылардың денсаулығын нығайту үшін қанағаттанарлық жағдай бар. Алынған нәтижелердің негізінде ҰСТО балаларды сауықтыру және дұрыс тамақтануын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірледі.
ҰСТО мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде «Тірі және өлі тағам», «Салауатты тәрелке» және «Салауатты тамақтану дағдылары» анимациялық бейнероликтерін әзірлеп шығарды. Олар balaman.kz және neupusti.net сайттарында орналастырылды. Республикалық газеттерде балалық жаста салауатты тамақтану тақырыбына арналған 7 мақала шығарылды.
Республиканың 14 облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында халық арасында ағарту жұмыстары өткізілді: кіші сынып оқушыларына арналған спектакльдер, орта және үлкен сыныптағы оқушылары үшін тренингтер, оқушылардың ата-аналарына/туыстарына және Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушылары үшін салауатты тамақтану, оның денсаулық сақтау және нығайтудағы маңызы туралы дәрістер. Барлығы республика бойынша іс-шаралармен 51 600 адам қамтылды. Іс-шара өткізілгенге дейін және өткізілгеннен кейін бірден кері байланыс анкетасының көмегімен қатысушылардың арасында іріктемелі сауалнама өткізілді. Бүкіл республика бойынша сауалнамамен 11 200-ден астам адам қамтылды. Оқыту іс-шарасы өткізілгенге дейін сұрақтарға респонденттердің 35-68% дұрыс жауап берген, ал өткізілгеннен кейін респонденттердің 65-95% дұрыс жауап берген. ҰСТО өткізген іс-шаралардан кейін халықтың барлық үш мақсаттық топтарында салауатты тамақтану туралы хабардарлық деңгейінің оң динамикасы тіркелген. Оқушылардың, олардың ата-аналарының, Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында созылмалы жұқпалы емес аурулардың (семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, диабет т.б.) келесідей қауіп факторлары кең таралған: тамақтану тәртібін ұстанбау; жоғары калориялы және қоректік құндылығы төмен, өңделген өнімдерді (фаст-фуд, қуырылған өнімдер, ұннан және кондитерлік өнімдер, зиянды снектер, қанттың мөлшері жоғары сусындар және транс-майлар) жиі тұтыну; балғын көкөністер мен жемістерді тұтынудың төмен деңгейі. Көкөністер мен жемістерді күнделікті барлық респонденттердің жартысынан аз көлемі ғана тұтынады.
Жобаның шеңберінде «Астана» және «Первый канала Евразия» телеарналарында балалар тағамы мәселелеріне арналған 2 ток-шоу өткізілді, оларға тамақтану мәселелері бойынша сарапшылар, жалпы білім беретін мектептердің, ата-аналар қауымдастығының, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. ҰСТО қазақстандық балалардың арасында салауатты тамақтану туралы ғылыми жобалар сайысын өткізді, оған 20-дан астам бала қатысты. Сайыстың ақпараттық қолдауын «Дружные ребята» республикалық балалар газеті қамтамасыз етті. Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Тамақтануға байланысты аурулардың алдын алу және балалар денсаулығы мүддесіне сай әлеуметтік жұмылдыру саласында инновациялық шешімдерді іздеу» дөңгелек үстелі өткізілді, оған жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері, әкімдіктің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Төрегелді Шарманов, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының Президенті, академик

(68)