Ғаламтор «жүгенделетін» сияқты…

ҚР Ақпарат және коммуникациялар ми-нистрi Дәурен Абаев бүгінгі Үкімет отырысы-нан кейін БАҚ өкілдеріне берген қысқаша сұхбатында ғаламтор қолданушылардың арандатушылық сипаттағы пікірлерінің заңмен қудалатындығын айтты. «Ғаламтор беттерінде пікір білдірушілер тарапынан ұлтараздықққа ұрындыратын, азаматтарға тіл тигізу секілді жағымсыз жайттар байқалып жатады. Ендігі жерде оларды анықтап алатын боламыз», — деді Дәурен Абаев. «Бұл ақпараттық порталдарға кiм пiкiр жазатынын бiлуге жағдай жасайды. Дегенмен, бiз лақап атты пайдалану құқығына тыйым салмаймыз. Бұнда ешқандай проблема жоқ. Бiрақ ақпараттық портал осы лақап аттың артында белгiлi бiр азаматтың тiркелгенiн бiлетiн болады. Ал ұлтаралық алауыздық туындап, Конституцияға қайшы келетiн жағдай болса, менiң ойымша, оны тауып, құқық қорғау органдарына арыздануға мүмкiндiк болады. Әр адам өз пiкiрiн ашық жариялай беруi тиiс. Бұнда тұрған ештеңе жоқ. Бiз қандай да бiр сын, бағалы кеңес пен басқа да қажеттi мәлiмет үшiн қудаламаймыз ғой. Дұрыс түсiнiңiздер, бiз осылайша пiкiр бiлдiрудi жойып отырған жоқпыз. Бұл — сайт әкiмшiлерi мен модерация мәселесi. Онда министрлiк қызметкерлерi отырмайды. Ал әлеуметтiк желiлерден бiзге азаматтардың шағымдары түседi. Бiз соларды тексеремiз», — дедi министр мырза. Дәурен Абаев мұнымен қатар ғаламтор бетіндегі «фитналарды» қазірге дейін IP-адрес бойынша анықтап келгендерін де айтты.
Әрине, ел қауіпсіздігі тұрғысынан бұл нәрселерге өте мұқият болуымыз керек. «Ештен кеш жақсы» демекші, жоғарының бақылауы болғанға не жетсін? «Ел боламын десең, ғаламторыңды түзе» деген жаңа мақалдың шығуы да тегін емес. Қазіргі таңда дәстүрлі БАҚ-тың орнын электронды БАҚ алмастырып бара жатқаны шындық. Түрлі мақсаттағы сайттардың өзінен азаматтарымызға берілетін ақпараттардың кесірінен қылмысты әрекеттер де туындап жатады. Ғаламтордағы сақтық мәселесіне келгенде шығыстағы көршіміз Қытайлардан үйренер тұстарымыз көп. Батыс әлемі «Қытайдағы баспасөз еркіндігінің қатаң шектелетіндігі бұл елдегі адамдық құқық мәселесінің нашар деңгейде қалып отырғандығымен байланысты» деп баға берсе де, Қытай елі мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қатаң қағида ұстанып отыр. Мысалы, ол елде, «youtube.com», «Goole.com» сияқты ақпарат алпауыттары мемлекет тарапынан шектелгеніне неше жылдың жүзі болды. Сонымен қоса Қытай аумағында ғаламтор арқылы көруге болатын шетел сайттары да қатаң сүзгіден өткізіліп барып таралады. Қазіргі таңда Шыңжаң аумағында Қазақстанның көптеген қазақтілді сайттары түгелдей бұғатталған. Діни сайттарды ол елде пайдалану мүмкін емес. Бұл бір жағынан азаматтардың ақпарат алу еркіндігін шектеу болса, ал мемлекеттік қауіпсіздік үшін пайдалы болып отыр. Қытайда ең өнімді жұмыс істейтін «Ғаламтор сақшысы» қазірге дейін ұлтараздық туындату мен жеке тұлғаларға тіл тигізу, порно видеолар, шетелден таралатын діни уағыздар сияқты дүниелерді ғаламтор беттерінде, Вичат платформаларында таратқан мыңдаған адамдарға заңмен айып тағып отыр. Олардың тәжірибесіне негізделгенде «Ғаламтор сақшысы» ел аумағында таралатын кез келген электронды БАҚ-тарды бақылап отырады екен. Яғни, ұлтараздыққа бастайтын, саяси, діни мазмұндағы «нәзік сөздер» топтастырылып, бақылауға алынған. Осыған ұқсас мазмұндағы сөздер байқалған сәтте «Ғаламтор сақшысының» базасына сигнал келіп түседі де, IP-адрес бойынша ол қай жерде екендігін жылдам анықтап шығады. Ары қарай қалған іс күштік құрылымдардың «еншісіне» қалдырылады екен.
Қытай секілді қаталдыққа бармасақ та, ел қауіпсіздігіне қатерлі, ұлтараздыққа бастайтын жағымсыз әңгімелерді заңмен бақыланғаннан зиян көрмесіміз анық.

(7)