Жемқорлыққа жол берілмейді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ұйғыр ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Бас маман-заңгер Б.Мысакулова

(15)