mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қасиетті Меккеде селфге тыйым салынды

muslim.kz: «Сауд Арабиясы королдігінің билігі Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде селфи жасауға, суретке түсіруге тыйым салды»,— деп жазады. Бұл тыйым қасиетті мекенге келуші қажылармен қоса, тілшілер қауымына да қатысты. Билік өкілдері аталмыш тыйым мұсылмандардың киелісін сақтап және қорғау мақсатында енгізіліп отырғанын алға тартады.  Сондай-ақ, олар осы арқылы қажылардың діни рәсімдерді неғұрлым тақуалықпен орындауына септігі тиеді деп сенеді. Тыйымды бұзғандардың техникалық құралдары тәркіленіп алынатыны белгілі болды. Бұдан басқа, тәртіп бұзушыларға қарсы заңды шара қолданылмақ көрінеді, бірақ,  нақты қандай шара қолданылатыны туралы ештеңе айтылмаған.

(15)