mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Отандық олигархтардың басы дауға қалды

Airbus еуропалық компаниясы Қазақстанға қатысты тергеу аясында тінту жүргізді. Бұл ақпаратты «Астана» телеарнасына әуеконцернінің баспасөз қызметі растапты. Mediapart веб-сайтының ақпаратына сәйкес, тінту шаралары 2010 жылы Қазақстанға тікұшақтар мен спутниктерді сату ісіне байланысты жүргізілген. Қазіргі уақытта Францияда аталмыш келіссөз барысында 8,8 млн. еуро төленген заңсыз комиссия туралы тергеу жүргізілуде. Қазан айында концерннің жетекші қызметкерлері осы іс бойынша куәгер ретінде жауап беру үшін шақырылған. «Airbus» компаниясымен мәміле жасау кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол беру фактісін тергеуді Францияның құқық қорғау органдары 2014 жылдан бастап жүргізіп келеді. Тергеушілер заңсыз мәміле жасағандардың қатарында Францияның экс-президенті Николя Саркози мен бірқатар қазақстандық олигархтар бар деп күдіктенуде.

(18)