mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Минскіде қос президент не талқылады?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенкомен кездесті. Ресми кездесу рәсімінен соң Беларусь Мемлекет басшылары Президентінің резиденциясында шағын құраммен келіссөз жүргізді. Нұрсұлтан Назарбаев Минск қаласына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Александр Лукашенкоға ризашылық білдіріп, бұл сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырғанын айтты. Қазақстан мен Беларусь арасындағы байланыстардың тарихи тұрғыдан орныққан достық сипаты бар екенін атап өтткен Елбасы: «Тарихи тұрғыдан қысқа уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Біз қиын жағдайларда екіжақты ынтымақтастықтың мықты саяси базасын құрдық. Мемлекеттеріміз ашық әрі сенімді қарым-қатынастағы берік әріптес болып саналады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы биылғы сауда-экономикалық ынтымақтастығының даму қарқыны жақсы. Ортақ интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Қазақстан мен Беларусь экономикалық тұрғыдан өзара тығыз іс-қимыл жасап отыр. Қазақстанда Беларусь Республикасының 260 кәсіпорны, бірлескен ірі 6 автомобиль құрастыру зауыты жұмыс істейді. Еліміздегі дүкендер сөрелерінде Беларусьтің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылуда», – деп атап өтті. Өз кезегінде Александр Лукашенко Қазақстан президентінің бұл сапары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтіп: «Сіздің бүгінгі сапарыңыз елдеріміздің тауар айналымын арттыруға серпін беретініне сенімдімін. Ол үшін біздің мүмкіндіктеріміз зор», – деді. Кездесу соңында мемлекеттер басшылары қол қойылатын құжаттар Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

(8)