mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақстан: Адамдар иттің етін неге жейді?

31 арнаның тілшісіне өзін қасапшы деп таныстырған Есім Асқарұлы атты азамат: «Иттің етін біреулер аштықтан, біреулер емдікке жейді. «Туберкулезден өлесің» десе, кез келген адам иттің етін жейді. Өзіміз апта сайын ит аулап, азық етеміз. Мен сойып жатқан ит етінің қазір дымын қалдырмай алып кетеді. Иттің етін кәдімгі малдікінен ажырату мүмкін емес. Қазір осы еттен қуырдақ жасайды. Картоп, іш майын салып тұрып қуырса, дәмді болады. Мәселен,  Алматы облысында ақшадан тарыққан тұрғындар қысқы соғымға ит сойып жеуді бастағалы қашан. Соңғы уақытта жоқшылықтың кесірінен жеті қазынаның бірі саналатын итті пышаққа іліп, қазанға жіберетін ауылдастар қатары көбейді. Анада түнде келе жатсам, қоқыс маңында дәу иттің басы мен терісі, сирақтары ғана жатыр. Еті жоқ. Соны жеп жүрген қазақтар. Себебі, бұл ауданда бір де бір өзге ұлт өкілі тұрмайды. Ешкім еріккеннен иттің етін жемейді ғой. Бала-шағасын бағу керек, бұл қадамға жоқ болған соң барып жатыр. Базарда мал етінің бағасы қымбат. Иттің етін жеп жүргенімізді ешкімге айтпаймыз. Бірақ, мен иттерді кімдердің аулайтынын білемін»,— деп ағынан жарылса, мал дәрігері Нұрсұлтан Тұрғанбаев: «Иттің етін жеп жүргендер сау басына сақина тілеп алғандар. Олар төрт аяқтыдан түрлі ауру жұқтырып, жазылмас дертке шалдығуы мүмкін. Мысалы, иттің етінде «эхинококк» бар. Бұл таяқша құрты тамақ арқылы адам ағзасына таралып кетсе, арты жаманға айналады. Әсіресе таяқша қанға енсе, ол өмірі жазылмайды. Эхинококк жұқпалы таяқшасын негізінен иттер таратады»,— деп ескертеді. Тағы бір айта кетерлігі, иттің етін ұлттық тағам ретінде тұтынатын кәріс аспаздары да бұл жануардан ас дайындау ойыншық еместігін алға тартады. Олардың пікірі: «Бір кесе сорпа мен қуырдақты пісіру үшін етті бабына келтіріп кемі жарты күн қайнатып, бұқтыру керек. Олай етпесеңіз, оның пайдасынан зияны көп»,— деуге келіп саяды.

(42)