mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

«Эйр Астана» акциялары сатылады

«Эйр Астана» әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Байдәулетов: «Қазақстан үкіметі «Эйр Астана» әуе компаниясының елдегі ірі акциясының бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр. Бүгінде компанияның 51 пайыз акциясы «Самұрық Қазына» қорында болса, қалған 49 пайызы Ұлыбританияның BAE Systems қорғаныс әуеғарыштық компаниясына тиесілі. «Эйр Астана» келесі жылы екі алаңда – Лондон мен Астанада IPO-ға қатысады. Яғни қосарлы листинг болады. Әрине, акцияның толық пакетін ешкім сатпайды. Себебі, заңнамаға сәйкес, әуе компаниясы акциясының 51 пайызы Қазақстандық резиденттерге тиесілі болуы керек. Бұл мәселе қадағаланады. Qatar Airways, иә болмаса басқа кез келген компания «Эйр Астананың» акцияларын ала алмайды, өйткені ол белгілі бір компанияға сатылмайды. BAE System-мен келісімге сәйкес, әр иеленуші тарапынан 25 пайыз шығарылады. Ешкімде бақылау пакеті болмайды, бар мәселе сонда жатыр. IPO-ның қорытындысы бойынша «Самұрық Қазынада» 26 пайыз акция қалады және қор ең ірі иеленуші болады»,— деп  түсіндірді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов акциялар 2019 жылға дейін IPO арқылы іске асырылатынын хабарласа, «Эйр Астана» президенті Питер Фостер бұл идеяға қолдау білдірді. Ол биржаға шығу Қазақстанның қаржы нарығының дамуына серпін беріп, әуе компаниясының капиталдандырылуына жақсы әсер етеді деп есептейді.

(10)