mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру өскен

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы үкіметтің ресми мәліметінде: «Биылғы жылдың өткен он айда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру айтарлықтай артты. Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығының басқа өнімдерін өндіруде де өсім бар. Мәселен, картопты қазақстандық шаруалар былтырғыға қарағанда 154 мың тонна (барлығы 3,5 млн тонна), көкөністі 100 мың тонна (барлығы 3,6 млн тонна), бақша өнімдерін 126 мың тонна (барлығы 2,2 млн тонна) артық алған. Қант қызылшасы әлі де жиналып жатыр, ол өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп өндірілмек (барлығы 434 мың тонна). Сонымен қатар егіс алқаптарының құрылымын диверсификациялау жұмыстары қолға алынып, ол нәтиже беріп отыр. Мәселен, май дақылдары 446 мың гектарға, жасымық, бұршақ, нұт және басқа да бұршақтұқымдастар280 мың гектарға, ал қант қызылшасы 6,5 мың гектарға себілді. Биыл жалпы 22 миллон тоннадан аса астық бастырылды, гектарына орташа 14,4 центнер астық алынды. 2017 жылы астықтың сапасын көтеру шаралары жасалды. Тұқым шаруашылығын қаржыландыру 3,7-тен 7,2 миллиард теңгеге өскен. Нәтижесінде үшінші сыныпты астықтың үлесі былтырғы 44-тен биыл 65 пайызға өсті»,—  делінген.

(16)