mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Өмірлік жарға кім кімді таңдаған?

«Ана тілі» газеті қазақстандық ер азаматтар мен арулардың кімді нақсүйері ретінде таңдайтынына зерттеу жүргізген екен. Сол зерттеу қорытындысына сүйенсек, , 2008 жылдан 2017 жылдың 10-ы қарашасына дейінгі мерзім аралығында  елімізде 70207 аралас неке тіркелген екен. Атап айтқанда, қазақстандық 40908 ер азамат өзге ұлттың өкілін өзіне серік етсе, 29299 қазақстандық қыздар өзге елдің азаматына тұрмысқа шығыпты. Осы деректерге нақтырақ тоқталсақ, өткен 2016 жылы ер азаматтарымыз Қытайдың 66, Ресейдің 1067 азаматшасымен некеге отырса,  қыз­дарымыз 62 – қытай, 189 – түрік, 858 – ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан екен. Ал биылғы жылдың 10-ы қара­ша­сына дейінгі мәліметтер төмендегідей: қазақстандық қыздар:  41 қытайға,  126 түрікке, 786 орысқа тұрмысқа шықса,  ер азаматтар өзге ұлттан өзіне жар таңдаған қазақстандық: Қытай Қытайдан39, Ресейден 912 аруды өзіне жар етіп таңдаған,  бірақ, бірде-бір ер азамат Түркия елінің азаматшасымен неке қидырмаған болып шықты. Шындығында, бұл тек ресми дерек қана. Ал тіркеуге тұрмаған, азаматтық некеде жүрген қаракөздеріміздің қарасы бұдан да көп болуы әбден мүмкін.

(19)