mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ресейге жалға берілген нысандар қайтарылуда

Қазақстан Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Серік Қожаниязов: «Байқоңырдағы Ресейге жалға берілген нысандар қайтарылып жатыр. Жалпы ғарыш айлағында үш мыңға тарта нысан бар. Олардың 56 пайызы ғарыш бағдарламаларына пайдаланылмайды. Мамандар бұл нысандарды болашағы жоқ деп таныған. Ресей тарапы қажетсіз ғимараттарды жою жобасының екінші кезеңін іске асыруды ұсынды. Олардың қатарында ғарыш айлағындағы үш жүзге жуық бос тұрған нысан белгіленді.  Мүлде пайдаға жарамайтындарын жоямыз. Ал жарамды дегендерін пайдалануға тырысамыз. Ол жақта қауіпсіздік режимі болғандықтан, инвестор тарту қиын. Десе де, кей нысандарға сұраныс бар. Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолына жақын орналасқан жанар-жағармай сақтайтын цистерналарға қызығушылық білдірді. Сол аумақта ауыстырып тиеу базасын салу туралы ұсыныспен шықты. Сонымен қатар Байқоңыр қаласының орталығында қанырап бос тұрған нысандар да тізімге алына бастады. Оларды түгелімен іске қосу көзделген. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашып, жергілікті халықты еңбекпен қамту қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде ресейліктерге жалға берілген 13 ірі нысан Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне өтті. Мысалы, бұрынғы мектепаралық оқу комбинатын Қармақшы ауданының әкімдігіне береміз. Олар сол жерден балабақша ашуды жоспарлады. Екі-үш нысан Қазалы ауданына беріледі. Онда жергілікті өнімдерді сататын дүкендер ашылады. Тігін фабрикасын ашу да жоспарда бар»,— деп мәлімдеді.

(12)