mm
Халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары. «Әлеуметтік сын», «Жанайқай» бөлімдерінің редакторы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. ҚР «Ақпарат саласының үздігі» (медаль), ҚР Мәдениет министрлігінің грамоталарымен мараппатталған.

М.Икбалды білесің бе?

Дәл осы шара өте салысымен, іле-шала кітапхананың Н.Дәулетов атындағы залында Пәкстан Ислам Республикасы Тәуелсіздігінің 70 жылдығына, Қазақстан-Пәкстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығына және Пәкстанның ұлы ақыны, философ Аллам Мухаммад Икбалдың туғанына 140 жыл толуына арналған кең шеңберлі дөңгелек үстел өтті. Британдық Үндістанның қоғам қайраткері, ойшылы, Пәкстан халқының рухани әкесі саналатын М.Икбал шығармалары үнді мұсылмандарының оянуына ықпал етіп, Пәкстан Ислам Республикасын қайта құруға себепкер болған. Оның Шығыс дүниетанымына бағытталған «Мен» (Худди) жалынды жырлары тіпті әлем халқын шабыттандырды. 1977 жылы ЮНЕСКО шешімімен бекітілген «Икбал күні» мейрамы Пәкстанда бүкілхалықтық сипатқа ие.
Дөңгелек үстелге Пәкстан бірлестігінің өкілдері мен Қазақстанның ақын-жазушылары, журналистер мен студенттер қатысты. Олар кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Қазақстан-Пәкстан: достық пен әріптестік рухында» атты кітап көрмесі мен кітапханашы Мейіз Жақсыбаеваның М.Икбал өміріне қатысты дайындаған слайд-шоуын тамашалады. Ұлттық кітапханада 2005 жылдан бастап Пәкстан орталығы жұмыс істеп келе жатқанын жеткізген кітапхана басшысы Жанат Сейдуманов мырза, пәкстандық әріптестерге «Алғыс хат» тапсырды.

(21)