mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Көлікті тіркеуге қатысты жаңа ереже

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина: «Қазақстанда көлікті тіркеуге қатысты жаңа ереже шықты. Ішкі істер министрінің жаңа бұйрығы 27 қарашадан бастап күшіне енді. Енді шетелдік зауыттың Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ресми дилерінен темір тұлпар сатып алған қазақстандықтарға оны техникалық тексерістен өткізу міндетті емес. Яғни, су жаңа көліктің еш ақауы жоқ екенін құжат жүзінде дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл жеңілдік аты-жөнін, тегін өзгерткендерге де қатысты. Сонымен қатар 001, 002, 777, 555 сынды қымбат нөмерлерге тапсырыс бергендер қасына қосымша қалаған әріптерін де таңдай алады. Бірақ, ААА, ЖЖЖ, ТТТ сынды бірдей үш әріпті қаласаңыз, оған салынатын салық жоғары болады. Егер көлік иесі некеге тұруына байланысты немесе ұлттық дәстүрге қатысты тегін өзгертсе және тіркеу туралы куәлігін жоғалтып алса, машинаны қайта тексеруден өткізудің қажеті жоқ. Құжаттарын да ауыстырмайды. Жаңа ережеде осындай жеңілдіктер жасалған»,— деп түсіндіреді.

(4)