mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Еркектің еркек болуы әйелден..

Еркекті еркек қылу тек сізге байланысты. Қаласаңыз ақылды, мейірімді және қорғаушының әйелі болыңыз, қаласаңыз ішкіш, қатты, ақымақтың әйелі болыңыз. Қандай ниет қылсаңыз, еріңіз сондай адамға айналады.
Егер әйел кісі ерін құрмет қылмаса, оны ешкім құрмет қылмайды! Әйел еріне сенбесе, ол еркекке ешкім сенбейді!
Әйел ерінен айып таба берсе, еріне көңілі толмаса, бұл еркекке басқалардың да көңілі толмайды. “Қайдан ғана осыған тидім” десе, әйелі еркектің қиянат қылуына бірінші жол ашылады. Еркек әйелінен жасырынып қыдыра бастағанының себебі — бұл сіздің ниетіңіздің бұзылғандығы.
Қадірлі әйел! Сіз бірінші болып қиянат жасадыңыз. «Ерім жаман», — деп. Ойыңыз бен ниетіңізде жақсырақ еркекті іздедіңіз… Әйел еріне мейірім бере алмаса, еркек мейірімді сырттан іздейді. Әйел кісі көңілін толық ашпаса, еркек те тасбауыр болады. Жүрегінен орын алмасаңыз, қалтасы да сіздікі емес. Әйел кісі қаншалық өзін еркін сезінсе, еркек жауапкершілікті мойнына алмайды, сезінбейді. Әйел қанша тез қапа болса, еркек сонша көп ашушаң болады. Әйел ерін тыңдамаса, өзін еркектің орнында тұтса, сіздіңше, енді еркек әйелге айналуы керек пе? Ол кезде сіз еріңізді жоғалтасыз. Еркек ешқашан әйелге айналмайды. Өзінің еркектігін білдіргісі келіп, әйеліне күш өткізе бастайды. Ұрыс-жанжал, төбелес сол кезден басталады. Әйел кісі қаншалық тез қимылдаса, еркек теледидардың жанынан жай алады. Сіз қалай өзгерсеңіз, еріңіз де солай өзгереді.

Нәсиба Егембердиева

(40)