mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Бай ығына жығылма!

Шаких Балхи айтыпты:
— Бай адаммен сұхбат құруда сақ болыңдар, өйткені ол өзінің байлығын айтып мақтана бастаған сәттен бастап, сен оны ұйып тыңдай түссең, сен сол минуттардан бастап басқа күшке табына бастайсың. Құдайға серік қосып алғаныңды аңғармай да қаласың. Әлгі бай бірдеңесін беріп қала ма деп тыңдай түскің келеді, сүйсіне түсесің, жүрегіңнің қарсылығын бітеп, дәулеттінің дүниесіне қызығасың, сөйтіп күнәға қарай өзің ұмтыласың.
Сақтаныңдар!
Жаратқанның құлымысың, құлы бол,
Құбылма!
Байды көріп, жығылма оның ығына,
Тәтті сөзге бұрылма!
Азабы бар мұның да!..
«Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы» деген қазақ мақалының астарын терең ұқпасаң да шатасасың…
Мұнайдар Балмолда

(24)