mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Собчак неге ағынан жарылды?

Келесі жылы Ресей президенттігіне үміткер болатынын айтқан тікелей эфирде «Россия 1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен бірге» бағдарламасына қонақ болып, неліктен президент болғысы келетінін және Төменгі Оралда орын алған апат туралы ашық айтқан Ксения Собчак: «Ресейлік БАҚ рутений апаты туралы жақ ашпайды. Біз батыстық басылымдардан радиоактивті заттардың таралып жатқаны туралы апат болған соң екі айдан соң білдік. Бұл екінші Чернобыль оқиғасымен парапар»,— деді. п мәлімдеді Собчак. Еске салсақ, МАГАТЭ деректері бойынша қыркүйектің соңы мен қазанның басында бірқатар еуропалық елдердің атмосферасында рутений-106 анықталған болатын. Радиациялық қорғаныс жөніндегі неміс ведомствосы бұл зат Оңтүстік Орал, яғни Ресей немесе Қазақстан аумағынан таралып жатыр деген шешім шығарған. Бұдан кейін, Росгидрометр радиациялық апат туралы бюллетень таратып, қауіпті заттың атмосфераға таралу дерегін растаған еді. Ресейдегі «Гринпис» ұйымы Еуропа атмосферасында байқалған рутений концентрациясының мөлшері аз болғанымен, ондаған миллион адамға әсері ететінін мәлімдеген. Соның салдарынан олардың денсаулығында міндетті түрде проблемалар туындауы мүмкін. «Апат маңындағы адамдар сәулеленуі мүмкін. IRSN француз институтының болжамы бойынша, ауаға тараған заттың мөлшері 100-ден 300 терабеккерельге тең болуы мүмкін. IRSN бағалауы бойынша, апат болған жерден бірнеше километр қашықтықта тұратын адамдарды қорғау керек»,— дейді ұйым.

(19)