mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Баспананы қымбаттататын не?

Ақтөбеде коммерциялық, мемлекеттік бағдарламамен әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүргізетін компания басшысы Шамиль Каспранов бұл сауалға: «Баспана бағасын жердің бәссаудаға түсуі қымбаттатады. Себебі, аукцион кезінде жердің құны еселеп қымбаттап, бұл пәтер бағасының өсуіне түрткі болады. Мәселен, біздің компания жылына 5 гектар жер алып, құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Қазір жер бәссаудаға түсіп, пәтер бағасы көтеріліп жатыр. Әрі біз инженерлік инфрақұрылымды жүргіземіз. Сондықтан көпқабатты үйге арналған жерді кадастрлық құнымен сатуды сұраймыз. Су, жарық, жылу желісін тарту әр компанияға міндеттелген. Әрі жаз айларында өңірде құрылыс материалдары тапшы болады. Кірпіш, цемент аз. Металл, әйнек, ағаш, цемент сынды материалдың бәрін Ресейден тасимыз. Сол себепті Ресейге тәуелділік күшейді. Қазақстанда шығарылатын цементті алу қаржылық жағынан тиімсіз, өйткені,  зауыт бізден шалғай орналасқан. Ақтөбеге тасу қосымша шығынға батырады. Сондықтан, инженерлік желілерді тарту жобасы бір институттың міндетіне жүктелсе дейміз. Егер жоба дайын болса, құрылыс компаниясы сатып алуға, алаңсыз жұмыс жүргізуге мүмкіндік алады»,— деумен жауап береді.

(8)