mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Зілтемір: К.Ростами: Алтын медалімді халқым үшін сатамын

muslim.kz: «Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы, ирандық спортшы Киануш Ростами 2016 жылы Бразилия жерінде жеңіп алған алтын медалін зілзаладан зардап шеккен отандастарына көмек көрсету үшін сататынын мәлімдеді», — деп хабарлайды. Қарашаның 12-і жұлдызында Иранда болған жер сілкінісінен 550-ге жуық жан қаза тапқан болатын. Он мыңдаған жан баспанасынан айырылып, түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған еді. 26 жастағы Олимпиада чемпионы: «Жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарыма қандай да бір көмек көрсетуді өзімнің парызым санаймын. Менің жеңістерімнің барлығы да халқымдікі. Сондықтан да мен алтын медалімді сатып, түскен қаржыны түгелдей зілзала құрбандарына көмек көрсетуге аударамын», — дейді. «Елім, Отаным», — дейтін әрбір патриот адам осындай болса керек-ті!

(9)