Бағалаушы деген кім?

2017 жылдың 30 қарашасы — мерейтойлық күн, Қазақстанда «Бағалаушы» мамандық ретінде пайда болғанына 20 жыл толды. 1997 жылғы 7 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №130 бұйрығымен «Бағалаушы» (мүлікті бағалау жөніндегі сарапшы) лауазымның біліктілік сипаттамалары бекітілді. Ұзақ уақыт бойы бұл мамандық табысты дамып, Қазақстан экономикасының нарықтық механизмінің ажырамас бөлігі болды.

2000 жылдың 30 қарашасында бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттеуге, сондай-ақ бағалау субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқын-дауға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Заң қабылданды.
«Қазақстандағы бағалаушы ма-мандығына — 20 жыл» мерейтой күнін мерекелеу құрметіне 2017 жылғы 27-30 қарашада «Алматы Қалалық Бағалаушылар Палатасы» мен Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастырған Қазақстан Бағалаушыларының Бірінші Ұлттық Конгресі өтеді.
Конгресс аясында 2017 жылдың 27-29 қарашасы аралығында, Алматыдағы Менеджмент Университеті «Бизнесті бағалаудың көпқырлылығы: Бағалаушылардың объективті құнын анықтаудағы рөлі және оны жүзеге асыру мәселесі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өткізеді.
Конгреске тәжірибелі бағалаушылар, білім беру мекемелерінің өкілдері, мемлекеттік органдар, банк секторы, несие мекемелері, кәсіби қоғамдық бірлестіктер және Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген мамандар қатысады.
Осыған орай, барлық қазақстан-дық Бағалаушыларды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Барлығыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

Бағалаушы

Өмір — базар, бағасы өкшелеген,
Бағасыз дүние жоқ, текке келген.
Өмірде «бағалаушы» деген де бар,
Мүліктің нарық құнын екшелеген.
Мүліктің нарықтан тыс құны бар ма?!
Қажет күн жүгінесің осыларға.
Мейлің сат, жеке меншік жеріңменен,
Баспанаң, көлігіңді, мейлің арба.
Не мақсатпен келгеніңді біле сала,
Бар ынтамен кірісер бағалауға.
Келісімшарт жасасып алдын ала
Кіріседі талдау мен анықтауға.
Қарайды нысаныңның сипатына,
Салыстырып қарайды басқаларға.
Нарықтағы жағдайды толық зерттеп,
Жүгінеді бірнеше қағидаға.
Қолданып тәсілдер мен әдістерді,
Мүлікке шығарады лайық баға.
Құрмет пен «рахметке» ісі лайық,
Осыны білдік бүгін, уа, халайық.
Ендеше, нарық жүгін арқалаған,
Бағалаушы еңбегін бағалайық.

 

Сауранбай Сандуғаш Бабағалиқызы
«Экономика және Сервис»
кафедрасының доценті, PhD докторы Almaty
Management University (AlmaU)

(60)