Әріптер құпиясы: ВВ және СС кремдері туралы не білеміз?

СС- және ВВ-кремі — бұл тоналды негіз емес, әдеттегі ұғымдағы күтім кремі емес. Бұл — тоналды мен кремнен шыққан гибрид.
Шынында, ВВ- немесе СС-кремін таңертең ерте тұрып, жуынып, теріге жағып, крем орныққанша 5 минут күтсеңіз, кіршіксіз жатық, сауыққан және жарқыраған бет түсімен рақаттануға мүмкіндік береді. Жылдам әрі оңай! Қандай кремді таңдау қажет, неге көңіл бөлу керек және жаңа сұлулық өнімді алғаныңызға өкінбеудің қандай амалдары бар? Қане, бірге талдап көрелік!
ВВ-кремі (Blemish Balm — «кемшілікке қарсы бальзам») бұл соңғы жылдарда табылған нағыз сұлулық жаңалығы. ВВ-кремдері терінің кемшіліктерін жасырады әрі ылғалмен қамтамасыз етеді. Жалпы айтқанда, ВВ-кремі — бұл тоналды крем мен ылғалдандырғыш кремнің қоспасы. Бұл тәсіл жаңалық емес, визажисттер, әсіресе, әйелдер бұл тәсілді жиі қолданады.
«Биби» және «сиси» кремдері тоналды негіздерді толығымен ауыстыра алмайды. Визажистер маңызды кәсіби мақсаттарда ескі сыналған тоналды негіздерді және корректорларды пайдаланады. ВВ- және СС-кремдері — «жылдам әрі аса қатты күшсіз» әдемі көрінгісі келетіндерге арналған күнделікті нұсқа. Сонымен, ВВ-және СС-кремдерінің тоналды кремдерден негізгі айырмашылықтары қандай?
• қан тамыры торын, безеу немесе тері қызаруын жасыру үшін тері аймақтарына бірнеше рет жағуға болады және ВВ- және СС-кремдерді тері өңіне қарай үйлестіруге болады (тоналды креммен олай жасай алмайсыз, өйткені қайта жағылған жер, алдыңғы жағылған аймаққа қарағанда басқаша болады);
• жеңіл әрі әлсіз жабын береді.
ВВ- де, СС-кремі де теріге спонжбен емес, саусақпен жағылады! Өндірушілердің айтуынша, ВВ- және СС-кремдері үйреншікті күтім креміңіздің орнын толығымен баса алады. Егер сізде мінсіз тері болса, онда ол мүмкін. Егер сіздің теріңіз өте майлы немесе құрғақ болса, онда ВВ және СС кремдерін жақпас бұрын үйреншікті күңгірттегіш немесе ылғалдандырғыш кремдеріңізді пайдаланыңыз, сонан соң «биби» немесе «сиси» кремін жағыңыз. Кеңесіміз кәдеңізге жарасын!

(7)