mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Электрондық денсаулық паспорты не үшін қажет?

Үкімет үйінде өткен баспасөз мəслихатында алдағы уақытта елімізде енгізілетін электрондық денсаулық паспорты жайлы айтқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой: «Пациенттердің денсаулық паспорты — электрондық денсаулық сақтау жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Əр азаматтың осындай өз паспорты, яғни виртуалды жəшігі, оның сәйкес логині мен құпия сөзі болады. Ол жерде пациенттің денсаулығы, диагнозы, қан тобы, аллергиялық реакциялары, жасалған оталары, түрлі мəліметтер шоғырланады. Бұл құрал жеке кабинет сияқты дəрігермен тілдесуге, сондай-ақ екпелер, тексерістер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ол əр азаматқа өзінің денсаулығы туралы ақпаратқа кез келген жерде қол жеткізуге жағдай жасайды. Ғаламтор желісі болса, болғаны. Əсіресе, төтенше жағдайларда, шетелде бұл аса қажет. Келесі жылдан бастап Қазақстанның 4 өңірі пилоттық режимде толық қағазсыз құжат айналымына көшеді»,— деген мәліметтермен хабардар етті.

(11)