mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дәрігерлер жалақысы қызметіне сай емес

Денсаулық сақтау министрлігі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Министр  Елжан Біртанов: «Министрлік бюджеттен ақша бөлдіріп, оны барлығына үлестіру жолымен жалақыны көтере алмайды, қазір ондай жүйе жұмыс істемейді. Егер біз жалақыны 50 пайызға көтергіміз келсе, қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтуымыз керек. Өкінішке қарай, ол оңай шаруа емес, онсыз да ел бюджетінің 11 пайызын алып отырмыз. Қазіргі таңда жұмыс тобы шығындарды оңтайландырумен айналысып жатыр. Тиімсіз шығындардың бәріне тыйым салынып, қысқартылады. Алайда тариф сол күйі сақталады. Үнемделген ақша жалақыға бөлінуі керек. Өз клиникасының, кадрдың құнын білетін басшылар қызметкерлерінің жалақысын жүйелі түрде көтеріп келеді. Бірақ, мемлекет көптеген мемлекеттік медициналық ұйымның жалақы төлеу жүйесін реттемейді»,— деп атап өтті.

(5)