mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқа жаңалқтар

*Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Астана бас жоспар» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Елбасына ақорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды. Президент бірқатар әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс жоспарларымен танысты. Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамытып жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен Н. Назарбаев соңында атқамінерлерге бірқатар нақты тапсырма берді.

***
Үкімет отырысынан кейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов журналистерге: «Ресей Қазақстанға Байқоңырдың 11,5 мың гектар жерін қайтарады. Қайтарылатын жерлер Төретам және Ақай елді мекендерінің жанында орналасқан. Онда Қазақстан мен Ресейдің тиісті экологиялық қызметтері жұмыс істейді. Ол жерлерде радиация жоқ, яғни қауіпсіз. Аумақ — Кеңес уақытында және қазіргі таңда техникалық мақсатта пайдаланылмаған таза жерлер. Зымыран да ұшпаған», — деген ақпар берді.

***
АШМ министрлігінің ақпаратына сәйкес, биылғы жылғы бидай өнімінің сапасы өткен жылмен салыстырғанда 1,5-1,7 есеге жоғары. Ведомство 8 млн тонна бидайды шетелге шығаруды жоспарлап отырса керек. Оған сырттан сұраныс бар екен. Бидай Орталық Азия елдеріне, Ауғанстанға шығарылған. Енді алдағы уақытта Италияға сапасы жоғары 200 тонна бидай экспортталмақ.

***

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов: «Елімізде жыл сайын 7,8 млн мал терісі жиналады. Алайда оның 2 пайызы ғана өңделеді. Ал 5 өңдеу кәсіпорны тек 5,5 пайызға ғана жүктеме алған. Тері өңдейтін зауыт 12,7 пайыз көлемінде жұмыс істеп тұр. Соның өзінде онда терінің 10 пайызы ғана өңделеді. Осыған байланысты жаңа 30 теріні дайындау орны мен мал соятын жерлердің жанында тері қабылдайтын 135 орын ашу қарастырылып отыр», — деген деректі алға тартты.

***
ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі: «Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттады. Соның ішінде бір Ресей мемлекетінің нарығына 145 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз шығарылды», — деп хабарлайды.

(27)