mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қорғастағы автокөліктер кептелісінің себебі анықталды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» өткізу бекетінде автокөліктердің жинақталуының басты себебін айтқан  ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер: «Автокөліктердің жиналып қалуына 13-і қарашадан бастап «Қорғас» (ҚХР) өткізу бекетіндегі инспекциялық-тексеру кешенінің істен шығуы себеп болды. Осыған орай ҚХР кеден органдары әрбір автомашинаны тұтас тексеруден өткізіп жатыр. Тараптардың автокөліктерді әркелкі қабылдауынан бейтарап аумақта 80-нен 130-ға дейін автокөлік жиналып қалған. Осыған байланысты ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлері кептелісті жою үшін көлік қабылдауды уақытша тоқтатты. Соңғы аптада «ҚХР-ға экспорт» бағытында күніне орташа 93 автокөлік өткен. Қазіргі кезде «Қорғас» өткізу бекетінің аумағында «ҚР-ға импорт» бағытында жүк автокөліктерінің кептелісі жоқ, жүктерді өткізу штаттық режимді жүргізілуде. ҚХР-дан ҚР-ға күніне орта есеппен 70-80 автокөлік құралы өтіп жатыр. Бірақ «ҚХР-ға экспорт» бағытында кептеліс әлі бар»,— деген ақпармен бөлісті. Еске салсақ, осылдан біраз уақыт бұрын бірқатар қазақстандық БАҚ-тарда «Қорғас» өткізу бекетінің алдында соңғы күндері 200-ге тарта қазақстандық жүк көліктерінен құралған кептеліс пайда болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

(7)