mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

«Қомағай» шенеуніктер сотқа тартылды

13 қараша күні Алматыда «ҚазАвиаҚұтқару» және «ҚазАвиаОрманҚорғау» мекемелерінің экс-басшыларына қатысты сотта куәгерлер тыңдала бастады. Мемлекеттік айыптаушы ҚазАвиаҚұтқаруды басқарған Мәлік Досымбековтің Өскеменге іссапарды сылтау етіп мекемеден 5 миллион теңге жымқыруға әрекеттенгенін айтты. Мұны есепші де растап отыр. Мұндай мақсатқа әрі кетсе 185 мың теңгеден артық төленбеуі керек екен. Ал Досымбеков қомақты қаржыны оның шотына аударып, бірақ соманы есеп-қисапта көрсетпеу туралы бұйрық берген. Алайда бухгалтер қылмыстық әрекетке барудан бас тартыпты. Сотта екінші экс шенеунік Төлеуғазы Сейсенбаевтың ісі бойынша да куәгерлер тыңдалды. Ол «ҚазАвиаОрманҚорғауды» басқарып тұрғанда өз үйінің аула сыпырушысын өрт сөндіруші-десентшы деп мекемеге тіркеп қойып, жалақыны мемлекет есебінен төлеп отырған. Куәгерлер Резянцев деген қызметкердің құжат жүзінде болғанын айғақтап отыр. Бірақ ол ешқашан жұмысқа келмеген. Бүгінгі сотта да төбе көрсетпеді. Студенттік шақтан дос болған қос басшы құзырлы органның құрығына да бірге түскен. Сейсенбаев пен Досымбеков жазда 100 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталды. Оларға қомақты қаржыны Қытай компаниясынан тікұшақтарды алу туралы келісімшартқа қол қою үшін төлеген. Күдіктілер 28 әуе техникасын құжат жүзінде сатып алып, қыруар ақшаны қалтаға баспақ болған көрінеді. Бұл іс бойынша келесі тыңдалым 20 қарашаға белгіленген.

(9)