mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Парижден пәтер сатып алған шенді кім?

Mansion Global: «Қазақстан үкіметінің ресми өкілі Парижден 65 миллион еуро (75,8 млн АҚШ доллары) тұратын пәтер сатып алды. Оның аумағы 13 000 шаршы фут және үйде жоғары деңгейдегі қауіпсіздік құрылғылары орнатылған. Бұл сатылым осы қаладағы биылғы ең ірі сауданың бірі болды», — деп жазады. Үйдің сатылымымен белгиялық риэлтор Игнас Мювиссен айналысса керек. Оның Мәскеудегі жылжымайтын мүлік компаниясы Ресей мен бұрынғы Кеңес үкіметі құрамындағы елдердің сатып алушылары мен сатушыларына өкілдік етеді. Сатушы — Ресейлік инвестициялық компанияның басшысы. Ол 6 пәтерді бір апартаментке жинақтаған. Бұл қонақүйдегі әр бөлменің бағасы 20 мың доллар тұрады. Үй 1200 шаршы метр жерді алып жатыр. Онда бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, спа-орталық және қызметшілерге арналған бөлек бөлмелер бар. «Үйдегі ең басты ерекшелік — қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы. Оның ішінде 55 шаршы метр болатын бөлмеге оқ өтпейді және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне арналған бөлме бар», — деп жазады басылым. «Бұл ешкімде жоқ, бірегей пәтер. Францияда мұндай қауіпсіздігі бар үй табу қиын», — деп тамсанған Риэлтор Мювиссен сатушы мен сатып алушының аттарын атамапты. Бар айтқаны: «Сатушы — ресейлік инвестор, сатып алушы — Қазақстан үкіметінің ресми өкілі», — деген ақпар ғана екен. Көптің көкейін: «65 миллион еуроға үй сатып алып жүрген шылқа бай отандық шенді кім екен?» — деген сауал тесуде. Cоған қарағанда: «Ақшамыз мардымсыз», — деп жылайтын шенеуніктердің анау айтқандай «тым кедей» болмағаны ғой.

(6)