Жемқорлыққа «нөлдік» төзімсіздікті қалыптастыру

7 қараша күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Мәдениет» Бастауыш партия ұйымы республикадағы спорттық ұйымдар мамандарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Республикалық семинар-кеңесі өтті.
Семинардың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, қоғамда спорт саласы мамандарымен жемқорлыққа қарсы стандарттарды, сондай-ақ кез келген жемқорлықтың пайда болуына «нөлдік» төзімсіздікті қалыптастыру.
Семинар барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Е.Б.Қанағатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Штабының аса маңызды істер жөніндегі офицері М.Н.Баранов, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Партиялық бақылау департаменті директоры Н.Ж.Баймұрзаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Т.Т.Қаскин және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері сөз сөйледі.

(13)