mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Браконьерлерді бас еркінен айыру керек

Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев: «ҚР Қылмыстық кодексінде браконьерлік үшін бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдері ғана қарастырылуы тиіс.  Браконьерлікпен күресті күшейту мақсатында үстіміздегі жылы аңшылық қарудың саны 1 аңшыға шаққанда 10 бірліктің орнына 4-еуге дейін заңнамалық тұрғыда шектелді. Көктемгі аңшылыққа тыйым салынды және табиғаттан алынатын жабайы құстың саны бір қолға шаққанда тәулігіне 5 дараққа шектелді. Оң нәтижелер қазірдің өзінде байқалады, сондықтан осы тыйым салу шарасының мерзімін 5 жылға дейін ұзарту керек деп есептейміз. Мемлекеттік ұйымдардың өздерінің инспекторлар құрамының арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін тыю үшін биыл маусым айында министрдің тікелей бағынысындағы «Сапсан» жедел тобы құрылған. Оның қызметі нәтижесінде үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 16 фактісі анықталып, олардың материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Құқық қорғау тәжірибесін талдау оның браконьерлерге жеңіл-желпі қарайтынына айғақ болады. Осыған байланысты мынаны ұсынамыз: Бірінші   — Қылмыстық кодексте браконьерлік үшін шартты мерзімдерге жауапқа тарту мүмкіндігі жойылсын, браконьерлік үшін бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдері ғана қарастырылсын. Екінші — қылмыс құралдарын міндетті түрде тәркілеу енгізіліп, кейіннен олар  мемлекеттік органдардың теңгеріміне немесе жойылуға берілсін. Үшінші — күзет жүйесіне заманауи техникалық құралдарды: дрондар мен спутниктік мониторингті пайдалану енгізілсін. Бұл ұсыныстар браконьерлік проблемалары бойынша Бас прокуратурада өткен кеңесте қаралып, қолдау тапты»,— деген ақпапрды алға тартты.

(10)