mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

«Оңай» картасын кондуктордың қолына беруге болмайды

Соңғы кездері жолаушылар тарапынан «Оңай» картасынан ақшасының жоғалып кететінін айтып шағымданушылар қарасы көбейіп кетті. «Оңайдан» ақша жоғалатыны туралы шағымдардар негізсіз  де емес сияқты. Мәселен, менің көлік қатынастары мекемесінде істейтін аты-жөнін айтпауды өтінген жақсы бір танысым маған: «Бұған өсек-аяң деп қарамау керек, өйткені, кондукторлар өздерінің жалақысын әлгіндей жолмен табады, яғни жүргіншінің картасынан белгілі бір  теңгені өз аппаратына аударып алады. Ендігәрі картаңызды кондуктордың қолына ұстата салмаңыз»,— деп кеңес берді. Біздің қойған сауалымызға «Оңай» холдингіндегі ресми өкіл: «Кондукторлардың жолаушылардың картасын қолына алуына құқы жоқ. «Оңай» картасын тек соған құзірет берілген бақылау қызметіндегілер ғана тексере алады. Осыны қаперде ұстасаңыздар, картадағы ақшаларыңыз жоғалмайытн болады»,— деген түсініктеме берді.

(8)