mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

ХҚО-дан жеке мәліметтерді «жасырын алу» мәселесі

Мәжіліс депутаттары Үкімет сағатында халыққа қызмет көрсету саласына қатысты көптеген тың бастамалар қолға алынып жатқанымен, аталған бағытта күні бүгінге дейін күрделі мәселелер көп екенін айтып, дабыл қақты. Халық қалаулылары, әсіресе, қызмет көрсету орталықтарында күні бүгінге дейін кезек күту, ауыл тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімсіздігі, қызмет көрсету орталықтарының жалға алынған орындарда жұмыс жасауы сынды бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті. Ал, Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев: «Қалың жұртшылықты соңғы кездері жиі орын алып отырған «жеке мәліметтерді жасырын түрде алу» жайттары қатты алаңдатады. Мұндай мәселе бар, сондықтан, құзырлы орган оларды шешуге мықтап кірісті. Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында орын алған атышулы жағдайдан кейін, ведомствоға осы сипаттағы 60-қа жуық арыз түсті. Алайда, тексеру жұмыстарын жүргізген уақытта, келіп түскен арыз-шағымдардың негізсіз екені анықталды. Яғни, азаматтар ХҚО-на осыдан біраз уақыт бұрын келіп, қандай да бір мәлімет алғандарын ұмытып кеткен. Сонда мәселе былай болып тұр: азаматтар жеке кабинетінен осыдан үш ай бұрын анықтаманы біреу алғанын көреді, бірақ оған тапсырысты өздері бергендерін ұмытып қалады. Мұның бәрін біз өтінімдер мен камералар арқылы біліп отырмыз»,— деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін алматылық тұрғын Анна Димитриевич қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірі азаматшаның жеке мәліметтерін банкке жөнелткенін әшкерелеген еді. Соған қатысты құзырлы орган өз кезегінде «орын алған жайт бұдан былай қайталанбайтынын, кінәлілер жазаға тартылатынын» мәлімдеген болатын.

(8)