mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тұрсынғали Алагөзов қылмыскер ме?

«Время» басылымы: «Атақты продюсер Баян Есентаеваның күйеу жігіті Тұрсынғали Алагөзов екі қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. ҰҚК шекара қызметіндегілер Алагөзовтің екі төлқұжаты бар болып шыққанын мәлімдеді»,— деп жазады. Белгілі болғандай, бұл туралы кезінде Алагөзовтің өзі басқарған Galanz bottlers акционерлік қоғамының қызметкерлері хабарлапты. Төлқұжат туралы ақпаратты бірінші болып оның компаниясына белгісіз еріктілер жіберген көрінеді. Тұрсынғали Алагөзовтің өзі болса жауап алу кезінде барлық тағылған айыптарды жоққа шығарып, төлқұжаттарды бірінші рет көріп тұрғанын айтқан.  Аталмыш іс 15-і тамызға дейін ашылған. Тергеу барысында құжаттардың қолдан жасалғанын дәлелдеген криминалисттік-техникалық сараптама жүргізілді. Сондай-ақ полицейлер төлқұжаттың шынайы иесін тауып алған. Алайда, оның құжаттары өзінде болып шықты. Қазір шекарашылар табылған төлқұжаттың кімге тиесілі екенін анықтау үстінде. Ал екінші қылмыстық іс 19-ы қазан күні басталған. Сол уақытта жанына бірнеше жігіт ертіп алған Алагөзов Galanz bottlers зауытына кіріп, кассаны алып кетпек болыпты.

(47)